Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетРеферендумРеферендум — өзгерістің өзегі

Референдум — өзгерістің өзегі

Жуырда аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында маусым айының басында өтетін референдум процесін талқылау және Конституциямызға енгізілетін өзгерістер туралы ауқымды жиналыс өтті.

Жиынға, аудандық атқарушы орган өкілдері, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, депутаттар, аудандық сайлау комиссиясы, сайлау учаскелерінің төрағалары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Өздеріңізге белгілі,  Қазақстан халқы Ассамблеясының 31-ші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі саяси жүйені түбегейлі өзгерту үшін Конституциямызға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы мәлімдеген болатын. Бұл референдум болжам бойынша маусым айының алғашқы аптасына жоспарланған екен.

Жиналыстың күн тәртібінде: Конституцияға енгізілетін өзгерістердің Заң жобасымен танысу,  референдум өткізу процесін талқылау сынды екі мәселе қаралды.

Аталған мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы мен  аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жақсылық Қарымбаев баяндама жасады.

Жиынға төрағалық еткен аудан әкімі Нұрлан Ертас:

«Тәуелсіздік жылдары дәл осындай референдум елімізде 1995 жылы екі мәрте өткен болатын. Біз референдумның не екенін, оның нәтижесі халықтың әлеуетін жақсартуға бағытталғанын көпшілікке түсіндіруіміз керек.  Алдағы уақытта өтетін дауыс беруге аудан халқының белсенді тұрғындарының кемі 50% қатысуы қажет», – деді.

Референдумға – Негізгі Заңның 33 бабына 56 түзету дайындалған, бұл бүкіл Конституцияның үштен бір бөлігі. Жиынға қатысушылар аталған өзгерістердің заң жобасымен танысты.

Референдум – әрбір азаматтың жаңа Қазақстанды құруға тікелей қатысуына мүмкіндік беретін аса маңызды демократиялық институт.

Аудан азаматтары Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, алдағы референдумға белсенді қатысуына барлық мүмкіндіктер жасалатын болды.

Нұрлан Ертасұлы атқарылатын жұмыс-тарды егжей-тегжейлі пысықтап және нақты жұмыстар жүргізу үшін келесіні тапсырмаларды жүктеді:

1) Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт  бөлімі, ауылдық округ әкімдерімен бірігіп ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу және референдум өткізу бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) Ақпараттық материалдарды орналастыру тақтайшалары, билбордтарды және т.б. орындарын анықтап ретке келтіру;

3) Сайлау учаскелерінің орындарын дайындау, құрылыс жұмыстары жүргізіліп отырған мекемелердің мәселесін шешу;

4) Сайлау учаскелерін түгендеу (инвентаризация) жасауды, қажетті құрал жабдықтардың бар жоқтығын және т.б. анықтауды аудандық сайлау комиссиясына, шараларын ұйымдастыруды аудан әкімі аппаратына жүктеу;

Ауылдық елді мекендерге іс-сапармен барып сайлау учаскелерін аралау;

5) Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына талдау жүргізуді, әртүрлі себептермен шығып қалған азаматтарды жаңарту;

6)  Сайлаушылар тізімдерін өзектендіру жұмыстарын жалғастыру;

7) Сайлау учаскелеріне, учаскелік полиция қызметкерлерін бекітіп, референдум өткізілетін күні қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету;

8) Денсаулық сақтау қызметкерлерін сайлау учаскелеріне бекіту;

9) Референдум өткізілетін күні, ауданымыздағы коммуналдық, инженерлік, байланыс қызметтерінің бірқалыпты және үздіксіз жұмыс жасауын бақылауға алу;

10) Аудан әкімдігі жанынан құрылатын «Қоғамдық пікір көшбасшылары» (Лидеры общественного мнения) тізімін нақтылау;

11) Сайлаушылардың, қай сайлау учаскесінің тізіміне енгізілгенін анықтау мақсатында, Кол-Центр қызметін ұйымдастыру.

Жоғарыда аталған 11 тапсырманы Нұрлан Ертасұлы тікелей бақылауында ұстайтынын айтты.

Бақтияр  Айталы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments