Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетРухани жаңғыру“Рухани жаңғыру” бағдарламасы - еліміздің болашағының айқын көрінісі

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы — еліміздің болашағының айқын көрінісі

 

Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озады. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.

Н.НАЗАРБАЕВ.

Рухани жаңғыру – адам баласының іштей жаңаруы және әлемдік өзгерістерді қабылдай білуі. Елбасымыздың “Рухани жаңғыру” бағдарламасы мемлекетіміздің кез келген саласын қамтиды. Ол білім, қаржы, IT, спорт, экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларын да жан-жақты қарастыра алады. Бұл бағдарлама тек қана жас буынды ғана емес, бір сөзбен айтқанда тұтас ұлттың жаңғыруына жол ашады. Міне, бұл бағдарламаның бастау алағанына да 3 жылға жуық уақыт өтті. Сол аралықта елімізде көптеген жаңалықтар орын алып, игі істердің бастамасы жүзеге асты. Рухани жаңғыру тек бір жылда басталатын немесе аяқталатын жұмыс емес, ол бірнеше ауқымды уақытты құрайды. Халық болып жұмыла көтеретін үлкен жүк, ұлттың тұтастай жаңғыруы ол үлкен бастама және жаңа тарихи кезең. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы әлемге өзгерістерді жақсы жағынан енгізіп, бізге берілген бағдарлы жолмен еліміздің гүлденуіне атсалысуымыз қажет.
Рухан жаңғыру ол – заман талабы. Күн сайын жер беті өзгеріп жатқанда, біздің тоқтап қалуымыз заман ағымына сай келмейді. XXI ғасыр талабы өте үлкен. Сол талапқа сай болу, соған қарай ұмтылу, талпыну, жұмыс жасау әр халықтың басты міндеті. Заман сынынан сүрінбей өтіп, ұлттық санамызды, салт-дәстүрімізді, тарихымызды жоғалтып алмай келешек ұрпаққа жеткізуіміз қажет. “XXI ғасыр-технология заманы” дегенімен, біз бойымыздағы рухани байлығымызды, тарихи мұраларымызды, ұлттық құндылықтарымызды санамыздан өшіріп алмай, сол заман ағымымен ұштастыра отырып, бірге алып жүруіміз керек. Неге десеңіз?! Әр мемлекеттің байлығы да, бары да өлмес мұралары мен терең тарихы. Ахмет Байтұрсынұлы: “Отан – өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу” деп айтқандай, әр адам баласы елінің өткенін біліп, болашағына сенуі тиіс.
Рухани жаңғыруды әркім әрқалай түсінеді. Мысалы, мен рухани жаңғыруды ұлттық құндылықтарымызды айқындайтын, ана тіліміздің маңызын арттыратын, рухани мәдениетімізді нығайтатын, сонымен қатар елімізді әлемдік аренаға шығаратын болашаққа бастайтын үлкен бағдарлы жол деп түсінемін. Менің ойымша бұл бағдарламаның елімізге тигізген үлесі көп. Рухани жаңғыру дегенде маған үнемі ұлттық құндылықтарымыз есіме түседі. Себебі, жас мемлекетіміздің “мәңгілік ел” болып қалыптасуы, оның ары қарайғы болашағы, жастардың сол ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ болып өсуіне байланысты. Шындығына келсек, әлемде ұлттық рухы мықты, руханияты жоғары, мәдениеті озық ел көп нәрсеге ие болып, басқа озық елдермен терезесі теңесетіні анық. Елбасының қалауыда, айтарыда осы. Бағдарламаның да үлкен бір бөлігі осы ұлттық код пен ұлттық бірегейлікті сақтауды негізге алып отыр. Осы екі негізсіз жаңғырудың өзі, құр жаңғырыққа айналуы әбден мүмкін.
Қорытындылай келсем, рухани жаңғыру дегенді Елбасымыздың бізге, халқына деген үндеуі, өсиеті деп білемін. Жан-жақты дамып, көкжиектен ауытқымай, көшбасшымыз бастаған дара да, жаңа жолмен өту біздің, яғни, болашақ ұрпақтың қолында екені айқын. Бұл бағдарлама әліде жалғасын табуда. Халық үнемі іштей жаңарып, сыртқы мәдениет пен ішкі руханиятты біріктіре алуы керек. Бұл бағдарлама қоғамға жақсы жаңалықтарды алып келіп, өзгерістер енгізді. Мен де осы бағдарлама аясында өз білімімді шыңдап, көптеген іс-шараларға атсалысып, белсенді оқушылар қатарынан көріндім. Білімімді шыңдау нәтежиесінде, шетелдің үздік ана тілімізге аударылған “100 жаңа оқулықтарымен” таныстым, біразін оқып, көрдім. Менің де бұл бағдарламадан түйгенім көп. Және де бұл бағдарлама көптеген жастарға жақсы ықпалын тигізді деген ойдамын.

Айым КЕНЕС,
Абай атындағы гимназия мектеп 11-сынып.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments