Мемлекет азаматтарға, қоғамдық Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына,
өзге де заңдарына сәйкес белгілi бір саяси партияны жақтап не қарсы
кедергiсiз сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кепiлдiк бередi.
Конституциялық заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын
азаматтар, қоғамдық бiрлестіктер қаржыландыруды талап етпейтiн
сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге құқылы.
Сонымен қатар, азаматтың (оның ішінде онлайн-платформаны
пайдаланушының және/немесе инфлюенсердің (блогердің)) қандай да
бір қаржыландыруды (шығындарды) талап етпейтін жеке пікірін
білдіруіне заңнамамен тыйым салынбайды.
Мыналарға:
1) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына,
сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың лауазымды
адамдарына;
2)
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен
судьяларға;
3) сайлау комиссияларының мүшелеріне;
4) діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген
сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға жол берілмейді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық
заңының 34-бабына сәйкес сайлау науқандарын мемлекеттік емес
қаржыландыру көзделген.
Партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялар өздерінің сайлау
қорларының қаражаты есебінен мынадай шығыстарды төлеуге құқылы:
бұқаралық
ақпарат
платформаларда сөз сөйлеуге;
құралдарында
және
сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге;
онлайн қосымша үгіт материалдарын әзірлеуге және шығаруға;
көліктік шығыстары мен іссапар шығыстарын өтеуге.
Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға сайлау
қорларынан тыс қаржыландыруды тартуға немесе өзге де материалдық
көмекті қабылдауға тыйым салынады.
Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге байланысты саяси партияға
қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғаларда саяси партияның
көрсетілетін қызметті қабылдауға берген жазбаша келісімі болуы тиіс.
Бұл мақсаттар үшін басқа қаржы көздерінен өзге ақша тартуға,
партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаты
есебінен ақысы төленбеген жеке және заңды тұлғалардың кез келген
тауарын, жұмысы мен қызметiн қабылдауға, аталған жеке және заңды
тұлғаларға осы қызметтердің көрсетiлгенi үшін саяси партия тарапынан
жәрдемнің кез келген түріне тыйым салынады.
Көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін заңнамада белгіленген
жауаптылық көзделген.

