Пятница, 29 марта, 2024

Сайлау-2023

Бұл жолғы мəжіліс сайлауының ерекшелігі – кез-келген азамат, яғни, əр қазақстандық өзін депутаттыққа ұсына алады, бағын сынай алады. Бұл жерде депутаттар ең алдымен халықтың сеніміне ие болуы керек. Алдағы сайлауда сайланатын депутаттар халықтың билікке деген сенімін арттыруы қажет деген ойдамын. Себебі, қоғамда «депутаттар ешнəрсе істей алмайды» деген пікір қалыптасқаны рас. Жаңа депутаттар осы пікірдің қате екенін дəлелдеуі керек.
Есімізде болса, Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев: «Кандидаттар үгіт-нсихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тəсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды. Заңға қайшы келмейтін барлық іс-əрекеттерге рұқсат беріледі. Дегенмен, бір нəрсені қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек» деген болатын. Бұл сөз кез-келген үміткерді адалдыққа шақырады. Яғни, халық қандай жағдайда да бірге болуы керек деген сөз.
Тоқ етерін айтқанда Мəжілістің өзін-өзі тарату туралы шешімін дұрыс деп ойлаймын. Бұл бастама қарапайым халықтың көңілінен шыққаны да анық. Бүгінгідей жаһандағы күрделі саяси ахуал қалыптасқан уақытта білікті саясаткерлер мен кəсіби мамандардан құралған Парламент жаңадан жасақталуы керек деген пікірдемін. Мəжіліс өзіне жүктелген міндетті толық жүзеге асыра білді. Шын мəнінде Мəжіліс депутаттарының да осындай батыл қадамға баруының өзі ел игілі үшін жасалған үлкен бастама деуге болады.
Тағы бір қосарым, біздің Ата Заңымызда Мəжіліс депутаттары 5 жылға сайланады деп көрсетілген. Алайда тəуелсіздік жылдарындағы тəжірибеден қарсақ, бірнеше рет төменгі палата өзін-өзі мерзімінен бұрын тарату туралы Елбасыға үндеу жолдаған екен. Осыған қарағанда, мəжіліс сайлауын 4 жылда бір рет өткізу туралы өзгеріс енгізсе дұрыс болар еді деп ойлаймын.
Батырхан МЕНДЕБАЕВ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments