Site icon ATAMEKEN

Салауатты өмір – бақытты болашақтың кілті

Алкоголь – бұл адамзаттың ең көне әрі қауіпті әдеттерінің бірі. Көбінесе оны «мәдени түрде ішуге» болады деп санайды. Бірақ іс жүзінде алкоголь адамды біртіндеп жойып отыратын у. Ол бауырды, жүректі, миды, асқазанды бұзады, психиканы әлсіретеді, отбасын ажыратады, қаржыны жояды. Ал ең бастысы – ол адамды еріксіз, тәуелді етеді.

Алкоголизмнің алдын алу – бұл тек дәрігерлердің емес, әр адамның, әр отбасының, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Себебі алкогольге тәуелді адамның жанындағылар да зардап шегеді: балалар, ата-аналар, жұбайлар, достар.

Неліктен адамдар алкогольге жүгінеді?

– Стресс, депрессия, қиындықтардан қашу.
– Қоғамдық қысым: «компанияда ішпеу – ұят» деген стереотип.
– Қызығушылық, еліктеу.
– Скука, бос уақытты толтыру.
– Дәстүрлер, той-жиындар.

Бірақ бұл себептердің ешқайсысы алкогольді ақтамайды. Алкоголь ешқашан проблеманы шешпейді, керісінше жаңа проблемалар туғызады.

Exit mobile version