Наурызнаманың онкүндігі аясында Жамбыл ауданы, Талап ауылдық кітапханасында 19-наурыз күні Дегерес, Шиен, Аққайнар, Талап, Жамбыл, Каракастек, Сарыбай би кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Салт-дәстүр — ұлттың тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлы мен Алматы облыстық әмбебап кітапхана директоры Тоқабаева Ғалия Сламбайқызы құттықтау сөзімен ашып берді. Ұрпаққа үлгі болған, ізгі тілегін арнаған жазушы, Журналистер одағының мүшесі Жұмаш Арғынбаев, фото-журналист Нұрмамбет Қизатұлы, Жазушылар Одағының мүшесі Манарбек Ізбасаров, Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, баспагер Баян Болатхановна т.б. қоғам қайраткерлері мен ауыл ақсақалдары, ақ жаулықты әжелер, Талап ауылдық әкімшілігі қатысты. Шарада қазақы нақыштағы көрме жасалып, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, салт-дәстүрлерді жаңғырту және өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты сіңіру. Әсем ән мен күмбірлеген күй ойнап, бірнеше дәстүрді бір арнаға тоғыстарған көрініс бейнеленді.
«Салт-дәстүр — ұлттың тірегі» атты мерекелік іс-шара

