Site icon Атамекен

Самсы ауылында халықтар достығын дәріптеген мерекелік шара өтті

Самсы ауылның кітапханасында бүлдіршіндер мен тәрбиешілердің қатысуымен еліміздегі этностар арасындағы татулық пен бірлікті дәріптейтін тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерінің бай мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыру, жас ұрпақтың бойында достық, сыйластық және бір-бірін түсіну сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру.

Іс-шара барысында балалар қазақ, өзбек, ұйғыр, кәріс, орыс, украин және басқа да этностардың ұлттық киімдерін киіп, сахналық қойылымдар, өлеңдер мен би өнерін көрсетті. Қолдарына Қазақстанның көк туын, түрлі-түсті шарлар ұстаған бүлдіршіндер ел бірлігінің, бейбітшіліктің және татулықтың рәмізін паш етті.

Кітапхана қызметкерлері арнайы көрме ұйымдастырып, онда еліміздің тарихы, ұлттық мәдениеті және халықтар достығы тақырыптарындағы кітаптар мен альбомдар қойылды.

Exit mobile version