Site icon ATAMEKEN

Самсы ауылының тұрғындарымен «Конституциялық реформа:

Самсы ауылының тұрғындарымен «Конституциялық реформа: Қоғамдық диалог және Президенттің жаңа бастамалары» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Жиналыс Т.Сәрсенбеков атындағы орта мектебі ғимаратында ұйымдастырылып, ауыл ақсақалдары, мұғалімдер, жастар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және қоғам белсенділері қатысты.

Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырту шаралары, билік тармақтарының теңгерімі, Парламенттің рөлін күшейту, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту мәселелері сөз болды.

Жиында қоғамдық диалогтың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Тұрғындар өз пікірлерін ашық білдіріп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, жастар саясаты, білім беру сапасы жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – әділетті, ашық әрі халық үніне құлақ асатын мемлекет құру екені айтылды.

Сондай-ақ Президенттің жаңа бастамалары аясында ауылдарды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру бағыттары талқыланды. Қатысушылар реформалардың ел болашағы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

Жиналыс соңында тұрғындар елдегі өзгерістерге бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді араласу қажеттігін білдіріп, бірлескен іс-қимыл арқылы ауылдың өркендеуіне үлес қосуға дайын екендерін жеткізді.

Exit mobile version