Четверг, 18 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарСарқан ауданында «Мамания» қолөнер мектебі ашылды

Сарқан ауданында «Мамания» қолөнер мектебі ашылды

Мектептің ашылуына «Алтын адам Жетісу шеберлер» орталығы мұрындық болды. Аталған нысан Қойлық ауылының мәдениет үйінде өз жұмысын бастады.

Қолөнер мектебінің ашылу салтанатына арнайы «Алтын адам Жетісу шеберлер» орталығының жектекшісі Динара Серікқызы, аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы қатысып, салтанатты түрде лентасын қиып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мектепті құрудағы басты мақсат – қазақ халқының қолданбалы өнерін жас ұрпаққа насихаттап, бүгінде ұмыт болып бара жатқан ата кәсіпті қайта жаңғыртып, атадан балаға мұра болып келе жатқан салт-дәстүрмен қоса, қолөнер бұйымдарын жасап үйренуге баулу және оны кеңінен дәріптеу.
«Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Балаларды қорғау — 2022» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі ерекше күтімді қажет ететін балаларды төл өнерге баулып, дағдыларын арттыруға бағытталған жобаның бірі. Мектебімізде құрақ көрпе, моншақ, ағаштармен жұмыс жасап, сурет салудан бөлек, қамшы тоқу мен киіз басуды да үйрететін боламыз», – дейді «Мамания» қолөнер мектебінің жетекшісі Светлана Толейевна.
Шара барысында «Жетісу — Ұлы Жібек жолын жаңғырту» шеберлерінің этно жәрмеңкесі де халық алдында ұсынылды. Оның мақсаты қазақ халқының қолданбалы өнерін насихаттау, ұмытылған халық қолөнерін жаңғырту, қолданбалы өнердегі ерекшелігін анықтау, қолөнершілікті дамытуға ықпал ету және өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту. Сонымен қатаор ауданның қолөнершілерінің туындыларынан ерекше көрме қойылып, келген қауымды тәнті етті.
Айта кетейік, Сарқан ауданынан «Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы» ұйымына 25 адам мүшелік етеді.

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments