Site icon Атамекен

Сенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады

Енді жаңа құжатқа сәйкес, журналистерге жалпы БАҚ саласына қатысты көптеген өзгеріс енгізілді.

Жаңа заңның жаңалығы журналисті қалаған уақытта жариялаған материалы үшін сотқа бере алмайды. Бұрынғы заңда тілшінің шығарған материалына 20 жыл өтсе де, шағымдануға болатын. Енді ондай шексіз уақыт берілмейді. Талап қою мерзімі бір жылға белгіленді.

Сондай-ақ мемлекеттік емес БАҚ-да отандық контентті дамыту үшін гранттар беріледі. Айта кетейік, осы «Масс-медиа» туралы заңнан «баспасөз картасы» мүлдем алынып тасталды. Себебі бұл талап журналистерді алалайды, ақпаратты барлығына тең бермейді деп дау туғызған болатын.
«Бұқаралық ақпарат құралдары» сөзі «Масс-медиа» сөзіне ауыстырылды.

Exit mobile version