Site icon Атамекен

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстарға БАҚ өкілдері арасындағы облыстық конкурстың ЕРЕЖЕСІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстарға БАҚ өкілдері арасындағы облыстық конкурстың

ЕРЕЖЕС

1. Жалпы ережелер

1. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылу барысын жария етуді жандандыру; Алматы облысының бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық ағарту деңгейін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлықты қабылдамауға бағытталған материалдардың шығуын ынталандыру мақсатында БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстарға конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.

2. Қатысушылар

2. Конкурсқа авторлар мен авторлық ұжымдар – редакцияның штаттық қызметкерлері және штаттан тыс авторлар немесе тілшілер, журналистер, баспасөз хатшылары, журналист-блогерлер (бұдан әрі – конкурсқа қатысушылар) қатыса алады.

3. Конкурс материалдарына қойылатын талаптар:

3. Конкурсқа журналистердің 2022 жылғы 1 шілдесінен мен 2022 жылғы 20 қараша аралығында баспа БАҚ-та, ақпараттық агенттіктерде жарияланған авторлық жұмыстары, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнесюжеттер, телебағдарламалар қабылданады.

4. Жарияланымдар түпнұсқада немесе материалдың көшірмесінде/сканерленген нұсқасында (басылымды, күнін және автордың толық байланыс деректерін көрсете отырып) ұсынылуы тиіс.

Жұмыстың бейне жұмыстары эфирлік анықтамалардың сүйемелдеуімен телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасығыштарда немесе сілтеме арқылы) ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистеріне жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растай отырып жіберу қажет.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Ұсынылатын материалдарға міндетті түрде: өтінім, журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат қоса берілуі тиіс.

5. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар саны.

Бір журналист 1 ғана жұмыс ұсына алады.

6. Конкурсқа материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2022 жылғы 22 қараша.

4. Байқауды өткізу кезеңдері

7. Байқау комиссиясы өз жұмысының қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздарын анықтайды.

8. Конкурс келесідей номинациялар бойынша марапатталады:

1. «Мерзімді баспасөз басылымдары арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа үздік мақала»; (Алматы облысы).

2. «Ақпараттық агенттікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа үздік мақала»; (Алматы облысы).

3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік бейнесюжет»; (Алматы облысы).

4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа үздік журналистік зерттеу»; (Алматы облысы).

5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын өңірлік деңгейде кеңінен жариялауы» (аудандық, қалалық БАҚ, интернет-ресурстар); (Алматы облысы).

6. «Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің амбассадоры». (Алматы облысы).

5. Конкурстық комиссия

9. Конкурстық комиссияның құрамы Алматы облысының ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Конкурстық комиссия төраға мен комиссия мүшелерінен құралады. Конкурс комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, Алматы облысы ішкі саясат басқармасының өкілдері, журналистика ардагерлері, ҮЕҰ өкілдері кіреді.

6. Авторлық құқық

10. Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына конкурсқа қатысушы жауапты болады. Конкурсқа қатыса отырып, автор байқаудың Ұйымдастыру комитетіне жіберілген материалды коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында, әлеуметтік желілерде орналастыру) пайдалануға автоматты түрде құқық береді.

7. Ұйымдастырушымен байланыс

11. Материалдарды байқаудың Ұйымдастыру комитетінің uvp_smi@mail.ru электрондық мекенжайына жіберу керек немесе Қонаев қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 13, 216-кабинетке хабарласуға болады.

8. Байқау жеңімпаздарын марапаттау

12. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Exit mobile version