Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, профессор Мырзатай Жолдасбеков Сүйінбай ақын жырларының поэтикалық қуатына кең тоқтала келіп, төмендегідей баға беріпті: «Сүйінбай қынаптағы қылыш, аспаннан түскен жасын, ескен қызыл жел, жүйріктей жалын тараған, күніне шауып жараған, айтысқанды шаңына көмген жүйрік; айтысқанның басынан өлең жаудырып, миын шайқалтқан жырдың бораны, қияқты сұңқар.
Көтеріп, қазға салармын.
Өтіңменен жарылма,
Өкпеңменен қабынба,
Орыспенен соғысып,
Басыңа моншақ көтерген,
Жұртыңа жаулық сағынба!…
Ханның жақсы болмағы –
Қарашаның елдігі.
Қараша халқы сыйласа,
Алтыннан болар белдігі.
Жақсы жігіт ұл туса,
Патшадан болмас кемдігі.
Өсиеті мен өнегесін айтпағанның өзінде осынау толғаулардың, жыр жолдарының астарында ұлттық мүддені барлығынан жоғары қоятын ақындық, жыраулық даналық пен ұлы көрегендіктің сом-сом алтындай сілемдерін қаншама əдебиеттанушы ғалымдар, зерттеушілер астын сыза көрсетті.
Сүйінбай дастандарын, оның дəстүрлі канондарын, сөз оралымдарын, поэтикалық қуатын, көркемдік бояуларын осынау соңғы толқын поэтикалық ізденістеріміздің ең бір жарқын көріністеріне жатқызуға болады.
Дүние – ескі сарай-ды,
Жолаушы жүрген азамат,
Көркіне оның қарайды.
Сондадағы тауарих,
Көшіп кеткен керуендей,
Аттандырған талайды.
Өміріңнің орағы,
Қуанба көріп жаңа айды, – деп толғау жазған ойшыл ақын, өмірдің мəні мен адам тағдырының сан тарау жолдарын жүрегінен өткізе отырып əлем ғұламаларымен қатар тұрып бүкіл адамзаттық гуманизмнің биігіне көтерілген пассионарлық тұлға ретінде соңына құнды мұра қалдырды.