ATAMEKEN

«Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» жобасы аясында іс-шара өтті

2026 жылғы 30 сәуірде облыс әкімінің қолдауымен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Жамбыл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» жобасы аясында іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениеті мен тіл тазалығының маңызын арттыру, жастарды сауатты тілдік қарым-қатынасқа тәрбиелеу және мемлекеттік тілді цифрлық кеңістікте дамыту.

Тіл саясатын дамытуға үлес қосқан азаматтар мен ұйымдар «Мемлекеттік тіл – бизнесте», «Мемлекеттік тіл – мерейім», «Сауатты жарнама – сапалы қызмет», «Жаңа дәуір үні», «Тілдарын», «Тілге қызмет – елге қызмет», «Құжат шебері – тіл зергері», «Тіл тазалығының тірегі» номинацияларына ие болып, Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиевтің Алғыс хатымен марапатталды.

автор Н.Әшекеева , мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Exit mobile version