Табиғат – адамзаттың ортақ үйі, тіршіліктің қайнар көзі, келер ұрпаққа қалдырар ең қымбат қазынамыз. Асқар таулар, айдын көлдер, сайын дала мен самал жел тербеген жасыл белдер – туған жердің баға жетпес байлығы. Алайда сол байлықты көздің қарашығындай сақтау, табиғатқа жасалған қиянаттың алдын алу – баршамызға жүктелген ортақ міндет. Табиғатты аялау тек әдемі сөзбен шектелмейді. Ол күнделікті қажырлы еңбекпен, табандылықпен және туған жерге деген шынайы жанашырлықпен өлшенеді.
Бүгінде табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қадағалап, қоршаған ортаға қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың қызметі ерекше маңызға ие. Күн демей, түн демей, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, табиғат байлығына қол сұғушыларға қарсы күресіп жүрген мамандардың жұмысы – үлкен жауапкершілікті, қырағылықты және табандылықты талап ететін күрделі міндет.
РГКП.ПО ,,Охотзоопром»Мемлекеттік маңызы бар,Жусандала Ерекше қорғалатын табиғи аумағының Инспекторлары. Осы бағытта топ жетекшісі Мұсаханов Санжар Тұрсынханұлы бастаған Оралбеков Серік Оралбекұлы, Даулетов Құрманғазы Садықұлы, Ногаев Бақытжан Елтайұлы және Әлихан Темірлан Мұханұлы табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосып келеді. Олар заңсыз аң аулау, браконьерлік әрекеттер мен табиғат байлығына залал келтіретін құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарға атсалысып, табиғи ресурстардың сақталуы жолында қызмет етуде.
Олардың міндеті – заң бұзушылықты анықтап қана қою емес, оның алдын алу, табиғатқа төнген қауіптің жолын кесу, қоғамда қоршаған ортаға дегенжауапкершілікті қалыптастыру. Өйткені браконьерлік – табиғатқа жасалған қиянат қана емес, келешек ұрпақтың несібесіне балта шабатын әрекет. Заңсыз ауланған әрбіраң, орынсыз жойылған әрбір тіршілік иесі – табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына әкелетін өкінішті жағдай. Ал табиғаттағы әрбір жануар мен өсімдік – тіршіліктізбегінің ажырамас бөлігі.
Табиғат қорғаушылардың жұмысы көбіне көпшілікке көріне бермейді. Даланың тыныштығын күзету, кең алқаптарды бақылау, күмәнді әрекеттерді дер кезіндеанықтау, заң талаптарының орындалуын қадағалау – мұның бәрі төзім мен сергектікті қажет етеді. Әсіресе түнгі мезгілде, ел аяғы саябырлаған шақта да қызметтік міндетін жалғастыру оңай емес. Дегенмен табиғатқа жанашырлық танытқан азаматтар үшін туған жердің байлығын сақтау – жай ғана жұмыс емес, ел алдындағы жауапкершілік.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деп өсиет қалдырған дана халқымыз табиғатпен біте қайнасып өмір сүрген. Ата-бабамыз жерді қадірлеп, суды құрметтеп, аң-құсты қорғауды тіршіліктің берекесі деп білген. Бүгінгі ұрпақтың да сол ізгі дәстүрді жалғастырып, табиғатты тұтынатын ресурс ретінде ғана емес, келешекке аманат етілген құндылық ретінде тануы маңызды.
Қоршаған ортаны қорғау тек арнайы мамандардың міндеті емес. Бұл – әрбір азаматтың азаматтық ұстанымы. Заңсыз аңшылыққа көз жұма қарамау, табиғатқа зиян келтіретін әрекеттерге жол бермеу, заң талаптарын сақтау және жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті үйрету – ортақ мақсатқа бастайтын қадамдар. Табиғатты қорғау мәдениеті қалыптасқан қоғамда ғана табиғи байлық ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Мұсаханов Санжар Тұрсынханұлы бастаған топ мүшелерінің табиғат қорғау бағытындағы еңбегі – туған жерге деген жанашырлықтың, жауапкершілік пен табандылықтың көрінісі. Осындай азаматтардың қажырлы қызметі арқылы табиғатқа төнетін қауіптің алдын алып, заңсыз әрекеттермен күресті күшейтуге және ел байлығын сақтауға мүмкіндік туады.
Табиғаттың тағдыры – адамзаттың тағдыры. Бүгін қорғалған әрбір аң, сақталған әрбір орман мен таза қалған әрбір бұлақ – ертеңгі ұрпаққа тарту етілген баға жетпес мұра. Ендеше, табиғатты қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, болашақ алдындағы борышымыз. Табиғатты аялай білсек, келешекке кемел мұра қалдырамыз. Өйткені туған жердің байлығын сақтау – елдігіміздісақтау, ал табиғатты қорғау – болашақты қорғау.
Авторы Елдар Жақыпбек

