Сарытауқұм ауылдық округіне қарасты «Бақбол» шаруа қожалығының дәнекерлеушісі Табыс Нұрлан – еңбегімен ел игілігіне үлес қосып жүрген азамат. 2024 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде күнбағыс өсіру бағытында табанды еңбек етуде.
Табыс Нұрлан жер жырту, тұқым себу, егінді күтіп-баптау және күзгі өнім жинау жұмыстарында белсенділік танытып келеді. Жаз бойы атқарылған тынымсыз еңбектің нәтижесінде алынған мол өнім – оның кәсіби біліктілігі мен адалдығының айғағы.
Оның қатысуымен өсірілген сары күнбағыс алқабы ауыл тұрғындары үшін мақтаныш пен берекенің нышанына айналды. Табыс Нұрланның еңбегі ауыл экономикасының дамуына және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда.