Site icon Атамекен

Тажибаев Ауесбай Байжамбылұлы-Еңбек адамы

Үмбетәлі ауылының тұрғыны Тажибаев Ауесбай Байжамбылұлы 1950 жылдың 20 маусымында Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты, Қасық ауылында жәй шаруа отбасында дүниеге келген.
Анасы Тажибаева Асылжан комбайн, автокөлік жүргізуші болып зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді.
Ауесбай Байжамбылұлы 1957 жылы Қасық ауылындағы орта мектептің бірінші сыныбына барады.
13 жасында 1963 жылы анасының туған ауылына, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Киров /қазіргі Үмбетәлі/ ауылына көшіп келді.
1965 жылы осы ауылдағы Сергей Миронович Киров атындағы мектепте сегізінші сыныпты бітіріп, ары қарай екі жыл 1967 жылға дейін Жамбыл ауылындағы орта мектеп- интернатта оқып, оныншы сыныпты бітірді.
Мектеп бітіргеннен кейін Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ырғайты ауылындағы «Красногор» совхоз техникумын бітіріп, инженер-механик мамандығын алды.
1970-1972 жылдар аралығында Совет Одағы әскері қатарында болды.
1972-1974 жылдар аралығында Киров селосындағы «Прогресс» совхозында слесарь, жөндеуші мастер, трактор мен комбайн жүргізушісі, 1974-1989 жылдары аралығында механик, бөлімше басқарушысы болып жұмыс істеді.
​ «Прогресс» совхозы тарағаннан кейін қайта құрылған Жеке Ауылшаруашылық Өндірістік Кооператив/ ЧСПК/ «Достық» мекемесінде 1989-1997 жыл аралығында бас инженер болып жұмыс атқарды. Содан кейін бір жыл «Достық» мекемесінде төрағалықты атқарды.
1999 жылдан жаңадан құрылған «Үмбетәлі» атындағы Жеке Шаруалар Серіктестігінде 2009 жылға дейін бас инженер болды.
2009 жылдан бері осы серіктестіктің директоры.
40 жылдан аса отасқан өмірлік жары Үмбеталина Әлия екеуінің отбасында үш ұлы бар. Бәрі жоғары білімді мамандар.
Үйленіп отбасы болған ұлдарынан он төрт немере сүйген бақытты жан.

Exit mobile version