Site icon ATAMEKEN

ТАЗАЛЫҚҚА 22 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҮЛЕС ҚОСТЫ

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті «Таза бейсенбі» акциясына 22 мыңнан астам тұрғын қатысты.

Тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілермен қатар қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, жастар, еріктілер және жергілікті тұрғындар атсалысты. Бірлескен жұмыс нәтижесінде 282 гектар аумақ тазартылып, 510 тонна қоқыс шығарылды.

Акция барысында қоғамдық орындар мен аулалар ретке келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қайта өңдеуге жарамды қалдықтар бөлек сұрыпталды.

«Таза Қазақстан» бастамасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, елді мекендерді таза әрі жайлы ұстауға бағытталған жүйелі жұмыстардың біріне айналып отыр.

Exit mobile version