Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарТазалық акциясы жалғасуда

Тазалық акциясы жалғасуда

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қарғалы ауылының тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысты.

Бүгінгі экологиялық іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, белсенділер және волонтерлер жиналды.

Акцияның басты мақсаты ортақ үйімізді таза және көрікті мекен ету, экологиялық мәселелерді басты назарға алып, қоршаған ортаны қорғау болып табылады.


«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жастар, кәсіпорын қызметкерлері мен
аудан тұрғындарының қатысуымен Қарғалы өзенінің жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналасы қоқыстан тазартылды. Аталған іс-шараға отыздан астам тұрғындар  қатысып, өзен жағалауының тазаруына өз үлестерін қосты.

Бүгінгі күнге акция аясында 61 елді мекеннен 80 мыңнан  астам адам қатысып,  131 мекеме, 2537 орта және кіші кәсіпорындар атсалысты. Осы уақыт аралығында тазалау жұмыстарымен 3 мұражай, 51 ескерткіш, 29 мешіт, 22 зират және кесене, 253 көше, 80 шақырым арық, 110 шақырым жол мен үй жанындағы аулалар қамтылды. Бұл жұмысқа 75 бірлік техника қолданылып,  105 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments