Ұзынағаш ауылында аудан әкімінің орынбасары Нұрпейісов Абзал Еркінұлының бастамасымен “Таза Қазақстан” акциясының “Жасыл аймақ” бағыты бойынша тазалық акциясы өттті. Акцияға қатысушылар арасынан Жамбыл ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлім, Мансап орталығы, Ұзынағаш ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері бой көрсетті. Сондай-ақ бұл акцияға ауыл тұрғындары да белсене атсалысты. Нәтижесінде 50 түп қара ағаш отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.