Site icon ATAMEKEN

Тазалық – ортақ жауапкершілік

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында еліміздің елді мекендерінде тазалық пен абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Аула-ауланы тазалау, көшелерді ретке келтіру, қоқыстарды жинау және көгалдандыру жұмыстарына тұрғындар да белсенді атсалысып келеді.

Тазалық жұмыстары қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Әр азамат өз ауласы мен көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, елді мекеннің көркі де ажарлана түседі.

«Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес, қоршаған ортаға деген тұрақты көзқарасты қалыптастыратын маңызды бастама. Туған жердің таза әрі көрікті болуы – баршаға ортақ міндет.

Exit mobile version