Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және абаттандыру талаптарының орындалуына бақылау күшейтілді.
Жүргізілген жұмыстар барысында абаттандыру қағидаларын бұзған 7 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Құқық қорғау органдары мен қала әкімдігі мамандары қоғамдық орындарда рейдтер өткізіп, тұрғындарға белгіленбеген орындарға қоқыс тастамау және аумақты таза ұстау қажеттігін түсіндірді.
Мамандардың айтуынша, тазалық сақтау тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес. Қоғамдық кеңістіктердің таза әрі жайлы болуы әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында санитарлық талаптарды сақтау, абаттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.

