Site icon ATAMEKEN

ТАЗА КӘСІП – ТАЗА АЙМАҚ – ТАЗА АУЛА

🌿 ТАЗА КӘСІП – ТАЗА АЙМАҚ – ТАЗА АУЛА 🌿 Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында нағыз бірлік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсеткен ауқымды сенбілік өтті! Бұл жолы тазалық акциясына бизнес өкілдері мен еңбек ұжымдары белсенді атсалысты. Әсіресе, Ұзынағаш ауылындағы 3 «Кафе-мороженое Wedrink» ұжымдары ерекше белсенділік танытып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты 💪 Қатысушылар аумақтарды тазартып, қоқыс шығарып, қоғамдық орындарды ретке келтірді. Бұл – жай ғана сенбілік емес, бұл – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған нақты қадам. 🚮 Сонымен қатар, тұрғындар мен клиенттерге қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастау қажеттігі түсіндірілді. ✨ Таза орта – денсаулық кепілі✨ Таза аймақ – жарқын болашақ✨ Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Бірге таза Қазақстан құрамыз! 🇰🇿 #ТазаҚазақстан #ТазаОрта #ЖамбылАуданы #Ұзынағаш

Exit mobile version