Site icon ATAMEKEN

ТАЗА ОРТА – ТӘРТІП БАСТАУЫ

«Таза Қазақстан» акциясы «Заң мен тәртіп» қағидатымен сабақтасып, қоғамдық орындардағы тазалықты сақтауға бағытталған жұмыстармен толықтырылуда. Астананың Алматы ауданындағы «Жерұйық» саябағында қоғамдық орындарды ластаудың алдын алу мақсатында рейд ұйымдастырылды.

Рейд барысында тұрғындарға саябақтарды таза ұстау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және қоғамдық аумақтарды ластағаны үшін жауапкершілік жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық тәртіп пен тазалық – өзара тығыз байланысты ұғымдар. Таза көшелер мен саябақтар тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ортақ мүлікке деген құрметті де қалыптастырады.

Сондықтан тазалықты сақтау әр азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінен басталады.

Exit mobile version