Site icon Атамекен

«Таза орта-ұлт болашағының кепілі!» атты ақпараттық-ағартушылық іс-шарасы Жамбыл ауданында өтті

Алматы облысының Жамбыл ауданында «Таза орта-ұлт болашағының кепілі!» атты экологиялық бағыттағы ақпараттық-ағартушылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті.

Басты мақсат – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау жауапкершілігін қалыптастыру және қоғамды табиғатты аялау қозғалысына жұмылдыру.

Кездесуге аудан тұрғындары, жастар ұйымдары, еріктілер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қатысушылар табиғатты қорғау, тұрмыстық қалдықтарды басқару, жасыл аймақтарды көбейту тақырыптарында пікір алмасты.

Шара барысында сөз сөйлеген Жамбыл атындағы кәсіптік колледждің директоры Болат Бекбосынұлы Алтаев экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі кездесу – жай ғана ақпарат алмасу емес. Бұл – әр азаматты экологиялық мәдениетті арттыруға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыру. Өйткені таза орта – ұлт болашағы, ал болашақ – біздің қолымызда.», – деді директор өз сөзінде.

Шара соңында қатысушылар табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларды қолдап, «таза қоршаған орта – таза сана мен жарқын болашақтың кепілі» деген ортақ оймен тарқасты.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

 

Exit mobile version