2026 жылдың 25 сәуірінде “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Дегерес ауылында игі іс атқарылды. Атап айтқанда, Наурызбай батыр көшесінің бойында орналасқан саябаққа 30 түп туя ағашы отырғызылды. Бұл бастама ауыл тұрғындарының бірлескен еңбегінің нәтижесінде жүзеге асып, туған жердің ажарын ашуға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталды.
Аталған шара – табиғатты қорғау мен көгалдандыруға деген жанашырлықтың айқын көрінісі. Ауыл азаматтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ортақ іске белсенді түрде атсалысты. Осындай ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында ауыл көркейіп, келер ұрпаққа жасыл желекке толы мекен қалдыруға мүмкіндік туып отыр.
Бұл ретте акцияға қатысқан барлық тұрғындарға шынайы алғыс білдіреміз. Әр отырғызылған ағаш – болашаққа деген қамқорлықтың белгісі, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің нақты дәлелі. Мұндай игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенім мол.
Дегерес ауылдық округінің Ақсақалдар төрағасы Н.Аманжолов
#ТазаҚазақстан #ТазаОрта

