Суббота, 3 мая, 2025
Басты бетЖаңалықтар«Таза Қазақстан»: Алматы облысы тұрғындарының қатысуымен «Таза ауыл» акциясы өткізілді

«Таза Қазақстан»: Алматы облысы тұрғындарының қатысуымен «Таза ауыл» акциясы өткізілді

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынкөл ауылының тұрғындары ауыл аймағын тазарту бойынша «Таза ауыл» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, жастарға тәрбие-үлгі көрсету және тұрғындар арасындағы бірлікті нығайту.

Акция барысында аудан ардагерлері кеңесінің төрағасы, облыстың Құрметті азаматы Бирбаев Бекболат Ибраимович «Сіз бен біз болып, халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аударып, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру-жалпыға ортақ міндет екенін ұмытпауымыз керек. Бүгінгі шарамыз жай ұран емес, оның басты мақсаты – қоғамда экомәдениетті қалыптастыру» — деп мәлімдеді.

Нарынқол ауылы бойынша 100 адамнан аса қатысушыларды және жастар, еріктілер, қоғам қайраткерлері, ардагерлер қамтыған акция аясында әктеп-тазарту жұмыстары жасалынды.

Сонымен қатар, бүкіл аумақ бойынша тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаздардан және басқа да қоқыстардан тазалады. Нәтижесінде 2 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Бұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments