Site icon ATAMEKEN

«Таза Қазақстан» аясында елорда саябақтарында тазалыққа бақылау күшейтілді

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық орындардағы тазалықты сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Соңғы аптада қала саябақтарында кезекті рейдтер ұйымдастырылып, демалыс орындарының тазалығына ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында жауапты қызметкерлер тұрғындарға қоғамдық орындарды таза ұстаудың маңызын түсіндіріп, қоқысты арнайы орындарға тастау қажеттігі жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар табиғатты қорғау талаптарын бұзған жағдайда қолданылатын жауапкершілік шаралары ескертілді.

Мұндай акциялардың негізгі мақсаты – қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту. Экологиялық акция аясындағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады

Exit mobile version