Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмыстарына қатысты. Өңірде «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылып, оған қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, жастар мен еріктілер және жергілікті тұрғындар атсалысты. Нәтижесінде 282 гектар аумақ тазаланып, 510 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
«Таза Қазақстан»: тазалық – ортақ міндет

