Акция аясында мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында қоқыс сұрыптау, суды үнемдеу, табиғатты аялау бойынша ашық сабақтар мен семинарлар өткізілуде. Балалар мен жасөспірімдер өз аулаларын, мектеп аумақтарын, саябақтарды тазартуға қатысып, еңбекқорлыққа, экологиялық жауапкершілікке тәрбиеленеді. «Таза Қазақстан» – бұл тек тазалық емес, бұл болашақ ұрпақтың санасын өзгерту. Табиғатты қорғау – әр азаматтың міндеті. Білім мен тәжірибе арқылы біз экологиялық сауатты ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің жасыл болашағын құрамыз! #ТазаҚазақстан #ЭкологиялықМәдениет #ЖасылБолашақ
«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралы

