Site icon ATAMEKEN

Таран ауылдық округіне қарасты Балғабек Қыдырбекұлы ауылының мәдениет үйінде

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамының он күндігінің бірі «Үйлесім күні» мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.
Үйлесім күні – қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтудың символы. Бұл күн бізге бірліктің қадірін, татулықтың маңызын тағы бір мәрте еске салады. Әр түрлі ұлт пен мәдениет өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқан еліміз үшін үйлесім мен келісім – басты құндылықтардың бірі.
Бірлік бар жерде – береке бар. Татулық бар жерде – тұрақтылық бар. Сондықтан қоғамдағы өзара сыйластықты, ынтымақ пен достықты сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Наурыз мейрамы – тек өткенді дәріптеп қана қоймай, болашаққа үмітпен қарауға үндейтін мереке. Бұл күн әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен молшылық әкелсін! Елімізде тыныштық, халқымызда ынтымақ пен береке әрдайым үстем болсын!

Exit mobile version