Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетРухани жаңғыруТарихи кезеңге сай

Тарихи кезеңге сай

Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен Ұлт Көшбасшысының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы ең алдымен ұлттық болмысқа, дəстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озық үлгісіне негізделгені анық.

Халық бұл мақаланы Мəңгілік Ел мұратын іске асырудың түп тамырын айқындап берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдады. Яғни, оның ұлтымызға рухани жол көрсететін бірден бір нақты бағдар екендігіне еш күмəн жоқ. Ұлттық жаңғыру Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды.

Қоғамдық ой-өрісті, сананы жаңғыртуға бағытталған идеяның ұсынылуы уақыттың еншісіндегі талап. Жəне ел дамуының тарихи кезеңіне сай маңызы зор шешім.

Сананы рухани жаңғыртуға білімді, бəсекеге қабілетті елдің ғана шамасы жетеді. Сондықтан Елбасы ұлттық сананың атқарар қызметіне баса көңіл бөліп, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Яғни, аталған мақаладан бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Кез келген азаматқа туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосу зор мəртебе.

Ұлттық білім беру жүйесінде патриотизм арқылы Отан, ел, атамекен, туған өлке, жер жайлы түсініктер сабақтан тыс ісшараларда ұлттық салт-дəстүрді сақтау, отансүйгіштік сезімді дамыту, мемлекеттік рəміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру кеңінен жүзеге асырылуда.

 Ең негізгісі – өскелең ұрпақ бойында туған еліне, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, тəрбиедегі басты ұстаным – өзін-өзі басқаруға жол ашып, сөз, пікір бостандығын, еркіндікті сездіріп, ұстанымдарымен санасу. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті Елбасының «…Мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», – дегені жастарды елжандылық рухта тəрбиелеуге бағытталған баға жетпес ұсыныс.

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақала қоғамның дамуына жол ашып, қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болған тарихи бастама. Бұл бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз.

Гүлмира БЕЙБІТҚЫЗЫ,

Қастек орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments