Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетUncategorizedТарихи-танымдық экспедиция өтті

Тарихи-танымдық экспедиция өтті

Жуырда Сүйінбай Аронұлы музейінің меңгерушісі Аяужан Садуақасованың ұйымдастыруымен «Сүйінбай ақын ізімен» атты әдеби, тарихи-танымдық экспедицияның алғашқы жиыны өтті.  Бұл шараға ҚР Жазушылар одағының мүшелері Нүсіп Әбдірахым, Нұрдәулет Ақыш, Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі Мәлік Қасымов, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Болат Меңдіқұлов, аудандық маслихат депутаты, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Балжан Досалы қатысты.

Тарихи-танымдық экспедицияның бірінші бағыты  — мәртебелі меймандар мен музей қызметкерлері Сүйінбай ақынның кесенесіне барып, аруағына Құран бағыштап, тағзым етті.

Осыдан кейін музейдің конференция залында ,музей  меңгерушісі Аяужан Садауқасова экспедицияның жоспары мен бағытын баяндап ,түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ҚР Жазушылар одағының мүшелері Нүсіп Әбдірахым пен Нұрдәулет Ақыш Сүйінбай Аронұлы туралы баяндама жасап, тарихи мәліметтерге мысалға келтіре отырып, өткенге бір көз жүгіртті. Өз кезегінде ауылдың жастары Сүйінбай ақынның жыр-термелерін нақышына келтіріп орындап, іс-шара көркін кіргізсе, музей меңгерушісі Аяужан Садуақасова «Сүйінбай бабам—пір ием» атты арнауын оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

 Іс-шара аяқталған соң қонақтар Сүйінбай Аронұлы музейін аралап, оның тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Осылайша бір күнге созылған мәдени іс-шара Сүйінбай ақынның шәкірті Жамбыл Жабаев пен Нұрғиса Тілендиевтердің басына барып, құран бағыштап, тағзым етумен өз мәресіне жетті.

Ажар Әбутәліп,

Сүйінбай Аронұлы музейінің экскурсия жүргізушісі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments