Site icon Атамекен

ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ – ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ

 

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектепте көпэтносты ортадағы сыйластық пен достықтың жарқын үлгісі бар. Соның бірі – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Балтаева Азиза Камилжанқызы. Өзбек этносының өкілі бола отырып, 5 тілді еркін меңгерген.

Өзінің тілдік қағидасы туралы Азиза Камилжанқызы былай деп атап өтті:
– “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” деген қағида – менің өмірлік ұстанымым. Қазақ тілінде сөйлеу мен үшін қуаныш әрі абырой. Мемлекеттік тілді құрметтеу – әр азаматтың парызы. Баршаңызды қазақ тілінде еркін сөйлеп, достық пен ынтымақты нығайта түсуге шақырамын”, – деп атап өтті.

Ұстаздың сөзі мен ұстанымы – Жамбыл ауданындағы этнос өкілдері арасындағы берік достықтың үлгісі. Білім ордасында түрлі этнос өкілдері татулықта еңбек етіп, жас ұрпаққа толеранттылық пен патриоттық тәрбие беріп келеді.

Азиза Камилжанқызының еңбегі – ынтымақ пен өзара құрметтің айқын көрінісі.

Exit mobile version