Site icon ATAMEKEN

Таңдау құқығы-тең мүмкіндік

-Аудандағы референдум учаскелері азаматтарға қоса мүмкіндігі шектеулі жандардың да таңдау жасауына қолайлы етіп жасақталған. Көру және есту қабілеті нашар азаматтар үшін жаңа Конституция жобасының аудио және брайль қарпі түрінде жазылған нұсқалары бар. Бұл еліміздегі барлық сайлау учаскесінде болады. Денсаулығына байланысты келе алмайтынын сайлаушыларға референдум кезінде комиссия мүшелері олардың үйіне арнайы барады. Мүмкіндігі шектеулі жандар елдегі саяси өзгерістерге үн қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді. Сондықтан да саяси науқан кезінде олардың дауыс беруі үшін бар мүмкіндікті жасауымыз қажет. Ғимарат алдындағы пандустар талапқа сай, әрі көру қабілеті нашар адамдар үшін еденге жолбағдар орнатылған. Бүгінгі референдумда мүмкіндігі шектеулі жандар өз таңдауын жасауда,- дейді Алматы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Байқоныс Ержан Ділданұлы.
Республикалық референдум кезінде барлық учаскеде мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы бұрыштар болады. Бұл бұрышқа арнайы компьютер, ұлғайтқыш құралдар, құлаққаптар және өзге де құрылғылар қойылады.
Сондай-ақ, ауданда инватакси қызметі ұйымдастырылған.

Exit mobile version