Понедельник, 23 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарТоқаев тағы масылдық туралы айтты

Тоқаев тағы масылдық туралы айтты

7 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстанда 4,5 миллионға жуық адам мемлекеттен әлеуметтік көмек алады”, “олардың басым бөлігі — еңбекке жарамды азаматтар” деді.

«Халыққа әлеуметтік көмек береміз деп, біз, шыны керек, қоғамда масылдық психологияға жол бердік. Өркениетті ел боламыз десек, мұндай жағымсыз үдеріске тосқауыл қоюымыз керек. Тұратын үйі, тіпті, астында қымбат көлігі бар азаматтарға емес, көмекке зәру адамдарға көмек берілуі қажет» деді ол.

Тоқаевтың сөзінше, мемлекеттен көмек алу үшін табысын әдейі азайтып көрсететін адамдар бар. Ол әлеуметтік көмекті кімге беру қажеті адамның кірісіне емес, шығысына қарап анықталуға тиіс дейді.

Тоқаев азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта қарау қажет деді.

❗️Human Rights Watch ұйымы әлемдегі адам құқығына байланысты 2024 жылғы есебінде Қазақстанда 2023 жылы кедейлік артқанын, кедейленген адамдар тобы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын жүзеге асыра алмай отырғанын атап өткен.

«Қазақстандың әлеуметтік көмек көрсетіп жатқанымен, елдегі негізгі көмек бағдарламасы «Атаулы әлеуметтік көмек» алудың талабы қиын, тексерісі көп. Осының салдарынан тұрмысы төмен адамдар бұл көмектен қағылып отыр. Табысы аз отбасылар бұл жеңілдікті аларда алалауға тап болады» дейді ұйым.

❗️Тоқаев масылдық туралы бұрынғы жолдауларында да айтқан. 2021 жылғы жолдауында “әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатындар аз емес, олар заң алдында жауап беруі керек” деген.

Кей сарапшылар көмекке мұқтаж жандарды биліктің “масыл” деп кінәлауын сөккен.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments