Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарТоқаев Ұлттық құрылтайда елтаңба өзгеретінін жариялап, "қазақ тілін ешкімді мәжбүрлемей дамыту" жайлы...

Тоқаев Ұлттық құрылтайда елтаңба өзгеретінін жариялап, «қазақ тілін ешкімді мәжбүрлемей дамыту» жайлы айтты

Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала беретінін» мәлімдеді. Бірақ Тоқаев қазақ тілін «ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы нығайта береміз» деді.

Бұған қоса, құрылтайда Тоқаев Қазақстан елтаңбасы өзгеретінін жариялады.

«Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек» деді ол.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments