Тіл – ұлттың рухани тірегі, ынтымақ пен татулыққа жұмылдырар жүрегі. 1998 жылдан бері қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойланып келе жатқан Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Елбасы кітапханасы арнайы бейнеролик дайындады.
Айтулы мереке көпұлтты елімізде тілдік ахуалды, ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу мақсатында пайда болды. «Үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Жаһандық әлемде біздің жастарымыз «Планета азаматы» болады», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев.
Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың тілі мен мәдениетін қолдау арқылы ел бірлігін нығайту – ортақ мүддеміз.
«Ел бірлігі – оның әралуандығында». Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз», — деп Қ.К.Тоқаев ел халқына жолдауында белгілеген еді.