Тұрсынбеков Азамат Каримиллаевич – Орталық жылу электр станциясының (ЦГЭС) жабдықтарын жөндеу жөніндегі тарату өндірістік цехының 6-разрядты электрослесары.
Азамат 2021 жылғы 17 тамыздан бастап тарату құрылғыларының жабдықтарын жөндеу бойынша 5-разрядты электрослесарь лауазымында қызметін бастаған. Қазіргі уақытта өндірістік цех тобының жабдықтарын жөндеу бойынша 6-разрядты электрослесарь міндеттерін атқарып келеді.
Ол өз ісінің нағыз шебері ретінде күрделі өндірістік тапсырмаларды жоғары жауапкершілікпен және сапамен орындайды. Орындалған жұмыстары мен кәсіби дағдылары 6-разрядты электрослесарға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.
Азамат – ұжымда сыйлы, тәртіпті, еңбекқор, жоғары білікті маман. Өз жұмысына ұқыпты қарап, өндірістік қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды. Сонымен қатар, ол отбасында – үлгілі әке, өмірде – өнегелі азамат.
Тұрсынбеков Азамат Каримиллаевич – 6-разрядты электрослесары
