Site icon Атамекен

«ТӘУЕКЕЛ ГАЗ ҚҰБЫРЫ» ҰЖЫМЫ АЭС ҚҰРЫЛЫСЫН ҚОЛДАЙДЫ

«ТӘУЕКЕЛ ГАЗ ҚҰБЫРЫ» ҰЖЫМЫ АЭС ҚҰРЫЛЫСЫН ҚОЛДАЙДЫ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін «Тәуекел газ құбыры» мекемесінде жалғасты. Аудандық халықтық штаб мүшелері Зинаш Куштекова, Елдос Үшкемпіров мекеме ұжымына АЭС салудың маңыздылығы мен еліміздің энергетика саласындағы жаңалықтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атом энергетикасы төңірегінде алыпқашпа әңгіме де, нақты дәйекке негізделген тұжырым да алды-артымызды орап тұр. Алда маңызды кезең – жалпыхалықтық референдум. Осы тұста еліміздің әрбір азаматы жауапкерлікпен елдің ертеңі үшін таңдау қажет. АЭС құрылысы өнеркәсіптің дамуына, жаңа жұмыс орындары құрылып, халықтың әл-ауқаты артуына септігін тигізеді. Экологиялық тұрғыдан да пайдасы көп. Атом энергетикасы төмен көміртекті болғандықтан, ауаға парниктік газдар тарамайды. Сонымен қатар атом энергиясы қазба байлықты тұтыну көлемін қысқартып, табиғи ресурстарды сақтауға мүмкіндік береді.

Мекеме қызметкерлері АЭС құрылысы бойынша сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды. 6 қазан күні өтетін референдумда әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін өз таңдауыңызды жасаңыз!

Exit mobile version