Жалпы еңбек туралы айтқанда адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған еңбек жөніндегі ұлағатты сөздерге сүйеніп жатамыз. Иә, адамды адам еткен еңбек екені бұрыннан белгілі. Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды. Сондықтан айрықша маңызға ие жұмысшы мамандықтарының мақсаты осынау құндылықтарды құпттау, еңбекқор азаматтардың беделін көтеру, өнімді еңбек етуге ынталандыру екені сөзсіз.Осылайша еселі еңбектің еленгені қоғамда еңбек құндылығының маңызын арттыра түседі. «Адамды адам еткен – еңбек» дегендей, адамдықтың бір анықтамасы – еңбек. Ендеше, қоғамның да қоғам болуы еңбекпен тікелей байланысты. Біз әңгімелейтін кейіпкеріміз 15 жыл бойы «Мыңбаев су құбырында» сантехник және тракторист рөлінде отырған Төлегенов Оралбай туралы болмақ. Ол кісі 1971жылы 27 қарашада дүниеге келген. Ұлты қазақ. Оралбай ағамыз мектеп бітіріп, одан орта білім алып, кейін шулы қаладан кәсіп іздемей, ауылдық жерде еңбек етуге бел буды. Былайша айтқанда Оралбай ағамыз техниканың тілін бірден меңгеріп алды. Бүгінде «Мыңбаев су құбырында» тракторист-сантехник болып жұмыс жасайды. Былтыр Еліміздің батысында су тасқыны кезінде алыстағы ағайынға көмек болсын деп Орал облысына барып 2 ай еңбек жасап келді. Ауыр жұмыстың басы қасында жүрген Оралбай өз кәсібін жақсы көреді. Өз жұмысын адал атқарып, қиындығына қарамастан мойыған емес.
Толегенов Оралбай сауатты, көпшіл, өз жумысын өте жақсы біледі. Жауапкершілікпен қарау қабілетімен ерекшеленеді. Оның сөзі ешқашан ісінен алшақ кетпейді, сол үшін ауыл тұрғындарының үлкен құрметіне ие.