Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы: 2024 жылғы Жолдаудың маңызы зор
«2024 жылғы Президент Жолдауы – ауылдың да, елдің де болашағына жол ашатын маңызды құжат. Бұл Жолдауда белгіленген әділетті экономика, ауыл шаруашылығын қолдау және әлеуметтік даму сияқты басымдықтар біздің ауылымыз сияқты еліміздің барша өңірінің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Қарақастек ауылдық округінде соңғы уақытта көптеген игі істер атқарылды. Ауылымызда жаңа спорт мектебі ашылып, жастарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер жасалды. Ауылдың инфрақұрылымы жақсарып, жолдар жөнделіп, көпірлер қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға тұрақты түрде әлеуметтік көмек көрсетілуде. Жастарымыз үшін футбол алаңы салынғаны да үлкен жетістік деп білемін.
Президенттің ауыл шаруашылығын қолдау және ауылдағы өмір сапасын арттыру туралы айтқаны ауылдық елді-мекендер үшін ерекше маңызға ие. Біз ауыл тұрғындары ретінде Жолдаудағы бастамаларды қолдаймыз және өз тарапымыздан оның жүзеге асуына үлес қосамыз деп сенім білдіремін.
Тәуелсіз еліміз көркейіп, ауылымыздың болашағы жарқын болсын!»
Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы
Чамчиев Момынбек