Суббота, 14 июня, 2025

Хабарландыру

Жамбыл аудандық жедел штабы бүгін терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуде
2025 жылы «13» маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар басталды.
Осыған байланысты, Ұзынағаш ауылының тұрғындарынан сабырлық сақтауды және өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Оқу — жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеу шаралары көзделетін болады, көрсетілген елді мекенде көлік құралдарының қозғалысын ішінара шектеу мүмкін болады.
Сондай-ақ, Ұзынағаш ауылы тұрғындарының назарына, ҚР ӘҚБтК 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Жамбыл аудандық жедел штабы

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments