Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) деп жариялады. Бұл шешім волонтерліктің халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы, волонтерлік бастамаларды дамытудағы және өзекті әлеуметтік міндеттерді шешудегі маңыздылығын көрсетеді.
Бүгінде Қазақстанның бастамасын 60-тан астам ел қолдады. Соның ішінде Конгода «Франкофония: волонтерлер игі іс жолында» ұранымен Француз волонтерлер күні (JVF) өтті.
Іс-шара волонтерлікті кеңінен насихаттауға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Жергілікті волонтерлік ұйымдар өз жобаларын таныстырып, ел тұрғындарын қолдауға бағытталған бастамалары туралы баяндады. Кездесу тәжірибе алмасу, кәсіби байланыс орнату және волонтерлік қозғалысты дамытуға қатысатын ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту алаңына айналды.
Мұндай іс-шаралардың өткізілуі халықаралық қоғамдастықтың тұрақты даму мен әлеуметтік міндеттерді шешудің маңызды құралы ретінде волонтерлікке деген назарының артып келе жатқанын көрсетеді.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#IVY2026 #волонтерлер #Қазақстан #Тоқаев #БҰҰ #Конго #Франкофония #тұрақтыдаму #жаңалықтар

