⚡ Халықтық штаб Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы Рысқұлов атындағы мектеп ұстаздарымен кездесу өткізді
Жамбыл ауданына қарасты Рысқұлов атындағы орта мектебінің ұстаздарымен АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Ауыл тұрғындары атом электр станцияларының экологиялық және экономикалық артықшылықтары туралы толық ақпарат алды.
«Қазақстанда АЭС салу елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін берік негіз жасайды, шығарындыларды қысқарту есебінен экологиялық жағдайды жақсартады, электр энергиясына бағаны тұрақтандырады және технологиялық даму мен өнеркәсіптік өсу жолындағы маңызды қадам болады», – деді Халықтық штаб мүшесі Доғдыргүл Өмірқұлқызы.
#АЭСүшін
#ВыборЗаАЭС
#халықтықштаб