Халыққа адал қызметтің үлгісі — Болатқұлов Еділ Бекболатұлы. Бүгінгі таңда ауылдық жерде еңбек ететін мамандардың рөлі артып келеді. Болатқұлов Еділ Бекболатұлы — сондай азаматтардың алдыңғы қатарында. Қай жерде, қандай жағдайда болсын, адал қызметімен елдің алғысына бөленіп жүрген жан. Оның білімі мен тәжірибесі, жауапкершілігі мен табандылығы — жастарға үлгі, ұрпаққа өнеге.
2025 жылдың елімізде «Жұмысшы мамандықтарының жылы» болып жариялануы — дәл осындай адал еңбек иелеріне, ауылдағы тіршіліктің тынысын ұстап тұрған жандарға көрсетілген зор құрметтің белгісі. Болатқұлов Еділ Бекболатұлы — сол құрметке лайық жандардың бірі. Ол — тек мал дәрігері емес, ауыл тұрғындарының денсаулығына да, әл-ауқатына да тікелей ықпал ететін маңызды маман иесі. Себебі ветеринария саласы — малдың саулығы арқылы халықтың қауіпсіздігін, тағам сапасын, тұрмыстық тұрақтылығын қамтамасыз ететін аса жауапты сала. Еділ Бекболатұлының күнделікті атқарып жүрген жұмысы — жұрт тыныш өмір сүріп, таза әрі сапалы өнім тұтынып отыруының басты кепілі.
Халыққа адал қызметтің үлгісі — Болатқұлов Еділ Бекболатұлы
