Site icon Атамекен

Халық өзі таңдаған әкімге дауыс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Мемлекет басшысы мұны елді демократияландырудағы және жергілікті басқару институттарын нығайтудағы маңызды қадам деп атады.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында осы қадам Алматы облысының 71 ауылдық округінде басталып, үлкен саяси науқан өз мәресіне жетті. Халық өздері таңдаған кандидаттарына үлкен үмітпен дауыс берді. Көптің мүддесі де көптің күшімен жүзеге асады. Көптің көңілінен шығатын, ел қамын ойлайтын, аялы алтын бесігі ауылын ардақ тұтатын азаматтар билік басына келді деп ойлаймын. Бәріміз де жаңалыққа, жақсылыққа, әділетке құштармыз, ендеше бізге ең керегі — ынтымақ. Ынтымақ бар жерде — береке болады.
Баяғыда мың басты, бір құйрықты және бір басты, мың құйрықты екі жылан болған екен. Қатты дауылда мың басты жыланның бір басы інге, бір басы құзға қашып, бір – біріне бағынбай үсіп өліпті. Ал екінші жыланның мың құйрығы бір басына бағынып, інге тығылып, аман қалған екен. Осы аңызда айтылғандай бір ханға бағынып, дегенімен жүрсек, берекелі ел боламыз.

Ж.Қ.Баймадиева

Exit mobile version