Интернет-алаяқтық – қазіргі заманның ең өзекті қауіптерінің бірі. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін әрбір азамат қарапайым, бірақ маңызды ережелерді ұстануы тиіс. Біріншіден, күмәнді сілтемелерге өтуден аулақ болу керек. Екіншіден, жеке деректерді, банк карталарының нөмірлері мен парольдерді ешкімге беруге болмайды. Үшіншіден, кез келген күмәнді ұсыныстарды мұқият тексеру қажет.
Цифрлық сауаттылық пен сақтық тек жеке адамды ғана емес, бүкіл қоғамды алаяқтықтан қорғайды. Қоғамдық қауіпсіздік әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады.
#ЗаңМенТәртіп #ЦифрлықҚауіпсіздік #ҚауіпсізҚазақстан

