Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылында шахматтан жарыс ұйымдастырылып, оған ауыл жастары, жасөспірімдер мен тұрғындар белсенді қатысты. Зияткерлік дода сағат 10:00-де басталып, тартысты әрі қызықты өтті.
Жалпы қатысушылар саны 80 адамды құрады. Қатысушылар өзара шеберліктерін сынап, логикалық ойлау мен стратегиялық қабілеттерін көрсетті. Жарыс барысында үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

