Site icon Атамекен

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ КӨПКЕ OPTAҚ

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ КӨПКЕ OPTAҚ
Станов Асқар Тұқанұлы 1962 жылы 16 шілдеде Беріктас ауылында Станов Тұкан Оразымбетұлы мен Станова Дина Тыныбекқызының отбасында дүниеге келген. Отбасы 9 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген. Әкесі Т.Оразымбетұлы математика пәнінің мұғалімі, партком хатшысы, интернат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қосымша құрылыста бригадир болып жұмыс істеген. Атамыз енбекқор, жан-жакты, білімге құштар жан еді. Атамыздың тәрбиелеген оқушылары білімді де, білікті мамандар
болған. Анасы Дина Тыныбекқызы зейнет жасына дейін кітапханашы болып жұмыс істеген. Көп балалы ана, ағайын-туғандарымен жақсы қарым-қатынаста болған.
Аскар ағамыз Беріктас орта мектебінің 1979 жылы 5-ші түлектерінің бірі.
Мектепті бітіріп шыққаннан кейін енбек жолын «Беріктас» қой совхозында қойшы болып бастаган. Жұмыс істеп жүріп 1981 жылы Ресейдің Мәскеу каласына әскери борышын өтеуге кетеді. 1983 жылы Отан алдындағы 1983 жылы Отан алдындағы азаматтық міндетін мінсіз атқарып келген соң Nº41 кәсіби-техникалық училищесінде «Дәнекерлеу» мамандығын менгерген. Оқуын ойдағыдай аяқтаған соң күн бүгінге дейін дәнекерлеуші болып еңбек етуде. Атап айтсақ, ауыл шетінде орналасқан зиратқа жан-жануар кірмес үшін жан-жағын коршаған. Асқар ағамыз бір өзі ұзындығы 700 метр коршаудың барлық дәнекерлеу жұмыстарын сапалы жасап берген еді. Ауыл халкы әлі кунге дейін ризашылыкка толы алғысын айтып отырады. Аскар аға ауыл тұрғындарының үйлеріндегі жылыту құбырларын от жағатын пештерін дәнекерлеп іске қосып беріп, ыкыласына беленуде. Сондай-ак Аскар ағамыз тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға кол ұшын беріп, батарея мен пештерін тегін орнатқан. Мешіттің құрылысына катысып, күмбезін жасап бергеніне ауыл халқы куә. Тек Беріктаста ғана емес, көршілес жатқан ауылдарда да жылыту жүйесін қосуга үлесін қосуда.
Казіргі таңда Аскар аға мен жары бір ұл тәрбиелеуде. Жары Набиева Роза Айтқожақызы аспазшы болып жұмыс істейді. Ал Аскар Тұқанұлы 35 жылдық енбек жолында халыкка адал кызмет істеуде.

Exit mobile version