Шиен ауылдық кітапханасында мекеме қызметкерлерінің арасында “Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл” тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы айта отырып, этносаралық достықтың нығаюы мемлекет тыныштығы мен бейбіт өмірінің белгісі екендігін түсіндіру.
Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, этностар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты.
Іс-шара барысында елімізде тұрып жатқан әртүрлі этнос өкілдерінің ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлері туралы ой қозғалып, пікірлер бөлісті.
Шиен ауылдық кітапханасында мекеме қызметкерлерінің арасында “Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл” тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізілді.
